$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Абдрахманов Мағжан
25 тамыз 2026, 14:23
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты Сурет авторы: azh.kz

25 тамызда сағат 12:35-те Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Кәсіпорын мәліметінше, жабық үлгідегі механикалық тазарту құрылғысының тұндырғышында мұнай қалдығы өртенген.

«Оқиға болған кезде нысанда ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ еді. Тұндырғыштың ішіндегі мұнай қалдығы жанып жатыр», – делінген зауыт хабарламасында.

Қазір өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кәсіпорын қалыпты жұмыс тәртібін жалғастырып отыр. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар