$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Абдрахманов Мағжан
23 тамыз 2026, 12:12
Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейін Президент бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді.

«Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жүргізілген реформалар аясында бірқатар нәтижеге қол жеткізілгенімен, алда атқарылатын жұмыс әлі көп.

«Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», – деді Мемлекет басшысы.

23 тамызда Қазақстанда тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар