$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов дауыс берді

Наурызбек Лесов
23 тамыз 2026, 12:01
«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов дауыс берді Сурет авторы: Facebook/ Ерлан Қошанов

Ерлан Қошанов Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді. Ол Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасағанын Facebook парақшасында хабарлады.

Қошанов бүгінгі сайлауды ел үшін тарихи күн деп атап, жаңа Құрылтай депутаттарын сайлау жаңа Конституцияны жүзеге асырудағы маңызды қадам екенін айтты.

«Бұл – жұртшылықтың кең қолдауына ие болған жаңа Халықтық Конституцияны іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды реформалардың заңды нәтижесі», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, сайлау учаскесіне тұрғындар таңертеңнен бастап келіп жатыр. Дауыс беруге отбасымен келгендер де көп.

«Бүкіл еліміз бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенемін», – деді Қошанов.

Ол қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге шақырды.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар