$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Мирзиёев Тоқаевты Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады

Наурызбек Лесов
24 тамыз 2026, 12:37
Мирзиёев Тоқаевты Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады Сурет авторы: Ақорда

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Екі ел басшысы телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Мирзиёевке қолдауы және Өзбекстанның халықаралық ұйымдар құрамында байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Өзбекстан басшысына елде жүргізіліп жатқан ішкі саяси өзгерістер туралы айтып, Құрылтай озық, заманауи және әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-өзбек қарым-қатынасының даму барысын талқылады. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейтуге, көлік және логистика, өндірістік кооперация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыруға назар аударды.

Тоқаев пен Мирзиёев өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар