$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

Құрылтай сайлауында дауыс бергендер саны 53 пайыздан асты

Абдрахманов Мағжан
23 тамыз 2026, 14:24
Құрылтай сайлауында дауыс бергендер саны 53 пайыздан асты Сурет авторы: КазТАГ/©Алена Субботина

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 53,12 пайызы дауыс берді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

ОСК мәліметінше, тізімге енгізілген 12,6 миллион сайлаушының 6,7 миллионға жуығы өз таңдауын жасаған.

Жеті облыста сайлауға қатысу көрсеткіші 60 пайыздан асты. Ең жоғары көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді – 64,22%. Одан кейін Абай – 63,07%, Жетісу – 62,89%, Қарағанды – 62,79%, Ақмола – 61,15%, Шығыс Қазақстан – 61,10% және Ақтөбе облыстары – 60,87%.

Ең төмен көрсеткіш әзірге Алматыда – 30,36%. Астанада сайлаушылардың 40,92 пайызы дауыс берген.

Соңғы жаңалықтар