$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

Құрылтайда қай партия қанша орын алды?

Абдрахманов Мағжан
25 тамыз 2026, 13:01
Құрылтайда қай партия қанша орын алды? Сурет авторы: ztb.kz

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша Құрылтайдағы 145 депутаттық мандатты бес партия арасында бөлді.

Бір палаталы Құрылтайдағы орындар былай бөлінді:

  • «Әділет» – 110 депутат;
  • «Ауыл» – 10 депутат;
  • Respublica – 9 депутат;
  • «Ақ жол» – 8 депутат;
  • ЖСДП – 8 депутат.

Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» партиясы депутаттық мандат алу үшін қажетті 5 пайыздық межеден өте алмады.

Сайлауға барлығы 9 351 539 адам қатысып, дауыс беруге қатысу көрсеткіші 74,08 пайыз болды.

ОСК мәліметінше, бұл жолғы сайлауға 15 наурызда өткен Конституция жөніндегі референдуммен салыстырғанда 224 мың адам артық қатысқан.

Соңғы жаңалықтар