$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды

Абдрахманов Мағжан
25 тамыз 2026, 12:49
Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды Сурет авторы: informburo.kz

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттары сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Бес пайыздық межеден бес саяси партия өтті.

ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 12,6 млн адам енгізілген. Оның 9,3 миллионы дауыс беруге қатысқан. Сайлауға қатысу көрсеткіші 74,08 пайыз болды.

Партиялар жинаған дауыс үлесі:

  • «Әділет» – 71,17%;
  • «Ауыл» – 6,26%;
  • Respublica – 5,56%;
  • «Ақ жол» – 5,21%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11%;
  • Қазақстан халық партиясы – 3,11%;
  • «Байтақ» – 1,07%.

«Барлығына қарсымын» деген нұсқаны сайлаушылардың 2,51 пайызы таңдаған.

Осылайша, «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Құрылтайға өтті. Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» қажетті бес пайыздық межені еңсере алмады.

Жаңа бір палаталы Құрылтайдағы 145 депутаттық орын бес партия арасында бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар