$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

ШҚО әкімі отбасымен бірге Құрылтай сайлауында дауыс берді

Редакция
23 тамыз 2026, 12:06
ШҚО әкімі отбасымен бірге Құрылтай сайлауында дауыс берді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Құрылтай депутаттарын сайлауда отбасымен бірге дауыс берді. Өңір басшысы әкесі, жұбайы және балаларымен бірге №1193 сайлау учаскесіне барды.

Сақтағанов бүгінгі сайлауды ел үшін тарихи маңызы бар оқиға деп атап, балалардың осындай саяси үдерістерге куә болуы маңызды екенін айтты.

«Мен үшін балалардың кішкентай кезінен бастап елімізде не болып жатқанын, осындай маңызды саяси үдерістердің қалай өтетінін түсінуі маңызды. Олардың тарихи маңызы бар оқиғалардың куәсі болып, жастайынан жоғары азаматтық мәдениет пен саналы көзқарас қалыптастырғанын қалаймын», – деді облыс әкімі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 534 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, 20:00-ге дейін сайлаушыларды қабылдайды.

Өңірдегі сайлаушылар тізіміне 485 873 адам енгізілген. Дауыс беру барысы мен тәртіптің сақталуын 3 мыңнан астам бақылаушы қадағалап отыр. Олардың арасында 10-ға жуық халықаралық бақылаушы бар.

Соңғы жаңалықтар