Мемлекеттік үй мен жеңілдетілген ипотека ережелері өзгереді: 20% және 50% квота кімдерге беріледі?
Сурет авторы: krisha.kz, изменено с помощью ИИ
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырудың жаңа ережелері бекітілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 14 тамызда тиісті №407 бұйрыққа қол қойды. Жаңа нормалар коммуналдық тұрғын үй қорын бөлуге, жеңілдетілген ипотека бағдарламаларына және азаматтардың кіріс деңгейіне қойылатын талаптарға қатысты. Өзгерістердің басым бөлігі ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, ал кіріске қатысты жекелеген нормалар 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тұрғын үйді бөлудегі квоталар мен басымдықтар
Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдар дербес тұрғын үй қорынан арендаға алған баспананың кемінде 20 пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі. Осы санаттағы үміткерлер саны қарастырылған пәтерлерден аз болған жағдайда, қалған баспана басқа басым санаттарға қайта бөлінеді. Дәл осындай 20 пайыздық минималды шек тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдетілген ипотекалық қарыздарды үлестіруде де сақталады.
Коммуналдық немесе арендалық тұрғын үйдің кемінде 50 пайызы арнаулы жеңілдетілген санаттағы азаматтарға беріледі. Бұл тізімге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген тұлғалар, басқа мемлекеттердің территориясындағы әскери қимылдардың ардагерлері, I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жесірлер мен жесір ерлер, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар кіреді. Сонымен қатар отбасында I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамы бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі бар Қазақстан граждандары мен қандастар да осы топқа жатады. Бұл санаттардан үміткерлер жеткіліксіз болса, қалған баспана кезектілік бойынша өзге мұқтаж жандарға үлестіріледі.
Қалған тұрғын үй көлемі бірыңғай республикалық электрондық базада немесе «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» базасында есепте тұрған өзге де граждандар мен қандастарға есепке тұрған күні мен отбасының табысы ескеріле отырып беріледі.
Соңғы алты айдағы жиынтық табыс 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап мынадай межелерден аспауы тиіс:
-
Үш және одан да көп адамы бар отбасылар үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 2 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін немесе табысы болмауы қажет.
-
Екі адамнан тұратын отбасы үшін әрбір мүшесіне 3,5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.
-
Азамат жалғыз өзі тұратын жағдайда соңғы алты айдағы табысы 5,5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы немесе атында табысы болмауы тиіс.
Табысты есептеу кезінде есепте тұрған азаматтың және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан территориясындағы еңбек және кәсіпкерлік қызметтен тапқан кірістері ескеріледі.
Ережеде тұрғын үйдің бөлме саны бойынша да нақты нормалар жазылған. Ерлі-зайыптыларға бір бөлме қарастырылады. Бір жынысты отбасы мүшелеріне екі адамнан артық емес есеппен бір бөлме беріледі. Түрлі жынысты отбасы мүшелеріне (ерлі-зайыптылардан бөлек) әр екі адамға бір бөлмеден келетіндей жеке бөлмелер бөлінуі тиіс. Осы талаптарға сай баспана болмаған жағдайда, азаматтың келісімімен кішірек пәтер ұсынылуы мүмкін. Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын азаматтарға және мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға қосымша жеке бөлме қарастырылады, бұл аумақ артық деп есептелмейді.
Ауылдық елді мекендердегі коммуналдық немесе арендалық баспанаға өтінімді есепте тұрған азаматтар мен қандастар Отбасы банкінің интернет-ресурсы арқылы бере алады.
Жылдық 2 пайыздық жеңілдетілген ипотекалық қарыздар мұқтаж ретінде есепте тұрған басым санаттағы азаматтарға қолжетімді. Олардың соңғы алты айдағы еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түскен отбасылық жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс.
Жылдық 5 және 7 пайыздық ипотекалық қарыздарға тұрғын үй кезегінде тұрған және ресми еңбек немесе кәсіпкерлік табысы бар Қазақстан граждандары мен қандастар қатыса алады. Баспананы бөлу және шешім қабылдау процесі бекітілген квоталарды ескере отырып, Отбасы банкінің ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
Соңғы жаңалықтар
-
Зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляцияны өтей алмай отыр
10 минут бұрын
-
Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспеген
41 минут бұрын
-
ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
1 сағат бұрын
-
Мемлекеттік үй мен жеңілдетілген ипотека ережелері өзгереді: 20% және 50% квота кімдерге беріледі?
1 сағат бұрын
-
Ресейдегі Ozon қоймасына жасалған шабуылдан кейін компания ресми мәлімдеме жасады
1 сағат бұрын
-
«Украинаны қақ бөледі»: Зеленский сайлау өткізу қаупі туралы айтты
1 сағат бұрын
-
АҚШ Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған қаржылық шабуыл бастайды
1 сағат бұрын
-
Экзитпол: «Әділет» партиясы 70 пайыздан астам дауыс жинады
1 сағат бұрын
-
Елена Рыбакина US Open турнирінің микст сайысынан шығып қалды
2 сағат бұрын
-
АҚШ соты Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруге қойылған шектеуді алып тастады
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды
15 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауында дауыс бергендер саны 53 пайыздан асты
21 сағат бұрын
-
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінен дауыс берді
21 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет құрамында өзгерістер болады – Тоқаев
22 сағат бұрын
-
«Сіздер жақсы білетін адам»: Тоқаев болашақ Вице-президент туралы айтты
22 сағат бұрын
-
Тоқаев келесі президент сайлауына қатыса ма? Президент жауап берді
23 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
23 сағат бұрын
-
ШҚО әкімі отбасымен бірге Құрылтай сайлауында дауыс берді
23 сағат бұрын
-
«Еліміз үшін тарихи күн»: Ерлан Қошанов дауыс берді
23 сағат бұрын
-
Ауысым арасында – сайлауға: Алматыда «Алматы паркинг» ұжымы азаматтық белсенділік танытты
23 сағат бұрын
-
Құрылтай сайлауы: сағат 10:00-де сайлаушылардың 17,6%-ы дауыс берді
1 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауында саясаткерлерден кімдер дауыс беріп үлгерді?
1 күн бұрын
-
Мәулен Әшімбаев вице-президенттікке тағайындалу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді
1 күн бұрын
-
Алматыдағы №102 учаскесіне сайлаушылар ашылған кезден келе бастады
1 күн бұрын
-
Магистратура грантына ие болғандардың тізімі қашан жарияланады
2 күн бұрын
-
Сайлау қарсаңында заң бұзған жеті қазақстандық жауапқа тартылды
2 күн бұрын
-
"290 млн теңге салық төлемеген": Қазақстандық әйел Ресейден елге қайтарылды
2 күн бұрын
-
Тоқаев сыйлаған сағат 2,9 млн теңгеге сатылымға қойылды
2 күн бұрын
-
23 тамыз – сайлау күні: Алматыда түрлі сала өкілдері азаматтарды дауыс беруге үндеді
2 күн бұрын
-
«Росатом» Қазақстандағы АЭС салынатын жерде зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді
2 күн бұрын
-
ФИФА Қазақстандағы балалар футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді
2 күн бұрын
-
Шымкент дендросаябағында жасөспірім пышақ жарақатын алды
3 күн бұрын
-
Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеу: қазақстандықтарға қойылатын талаптар белгілі болды
3 күн бұрын
-
АҚШ-тың жаңа санкциялары Иранға қаншалық ауыр тиеді?
3 күн бұрын
-
УЕФА бастаған үш конфедерация Инфантиноны қызметтен кетіруді талқылап жатыр
3 күн бұрын
-
Шетелдік гиганттар Қазақстан бюджетіне миллиардтар құйды: Ең көп төлеген компания қайсы?
3 күн бұрын
-
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігін уысынан шығарып алды
3 күн бұрын
-
Үкімет Ұлттық қордан алатын ақшаны азайтып, қарыз алуды көбейтті
3 күн бұрын
-
Рыбакинаға әлемнің бірінші ракеткасы атану үшін екі жеңіс қажет
3 күн бұрын
-
Алматы жастарының жобаларын 5 миилион теңгеге дейін қаржыландыратын топ-10 бастама
3 күн бұрын
-
Көкпарда қаза тапқан жасөспірімнің ісі тоқтатылды: туыстары шешіммен келіспейді
3 күн бұрын
-
Табиғатқа жіберілген жолбарыс алғашқы күндері қасқыр мен қабан аулады
3 күн бұрын
-
Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс жариялады
3 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстанның минералдық қорын мемлекет мүддесіне пайдалануды тапсырды
3 күн бұрын
-
Алматыда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттері табысталды
3 күн бұрын
-
Ұлдана Мырзуанның қазасы: Әділет Зейнел 20 млн теңге көмекті қайда жұмсағанын айтты
3 күн бұрын
-
Өлуге де ақша қажет: әр үшінші қазақстандық жақынын қарызсыз жерлей алмайды
3 күн бұрын
-
Тағы бір ел Қазақстанның мұнайын сатып алa бастады
3 күн бұрын
-
«Келешек» бағдарламасы: 5 жастағы 15 мыңнан астам баланың AQYL депозитіне 3,9 млрд теңге аударылады
4 күн бұрын
-
Енді ұялы байланыс операторлары тариф бағасын аяқ астынан қымбаттата алмайды
4 күн бұрын