$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Құрылтайдағы 145 мандат партиялар арасында қалай бөлінеді?

Абдрахманов Мағжан
24 тамыз 2026, 12:12
Құрылтайдағы 145 мандат партиялар арасында қалай бөлінеді? Сурет авторы: kazinform коллажы

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Құрылтай сайлауынан кейін 145 депутаттық мандаттың партиялар арасында қалай бөлінетінін түсіндірді, деп хабарлады BES.media.

ОСК-ның алдын ала қорытындысы бойынша, 5 пайыздық межеден бес партия өтті. Мандаттарды бөлу кезінде тек осы партияларға берілген дауыстар есепке алынады.

Алдымен 5 пайыздық межеден өткен барлық партияның дауысы қосылады. Шыққан сан 145-ке бөлініп, сайлау квотасы анықталады. Содан кейін әр партия жинаған дауыс саны осы квотаға бөлініп, тиесілі мандат саны есептеледі.

Ал 5 пайыздық межеден өте алмаған Қазақстан халық партиясы мен «Байтаққа» берілген дауыстар мандаттарды бөлу кезінде есепке алынбайды.

ОСК әзірге әр партияға нақты қанша мандат тиетінін жариялаған жоқ. Себебі сайлаудың ресми қорытындысы әлі бекітілмеген.

BES.media алдын ала есептеуінше, осы тәртіппен мандаттар бөлінген жағдайда «Әділет» 110 орын, «Ауыл» 10 орын, Respublica 9 орын, «Ақ жол» 8 орын және ЖСДП 8 орын алуы мүмкін.

Бұл есеп әзірге ресми нәтиже емес. Құрылтайдағы мандаттардың нақты бөлінісі сайлаудың түпкілікті қорытындысы анықталғаннан кейін белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар