$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінен дауыс берді

Абдрахманов Мағжан
23 тамыз 2026, 14:16
Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауында үйінен дауыс берді Сурет авторы: nazarbayev.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда үйінен дауыс берді, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаев жақында омыртқасына жасалған отадан кейін денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмаған.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру рәсіміне қатысты. Жақында омыртқасына жасалған отадан кейін денсаулығына байланысты Тұңғыш Президент өз дауысын үйінде берді», – делінген хабарламада.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар