$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

АҚШ Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған қаржылық шабуыл бастайды

Редакция
24 тамыз 2026, 09:58
АҚШ Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған қаржылық шабуыл бастайды Сурет авторы: Reuters

АҚШ әкімшілігі Иранның сауда серіктестеріне бағытталған «қаржылық шабуыл» дайындап жатқанын мәлімдеді. Ал Тегеран тарапы бұл экономикалық қысым тоқтамаса, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай экспортын толықтай бұғаттайтынын айтып, сес көрсетті. Бұл жағдай ғаламдық энергетика нарығындағы шиеленісті бұрынғыдан бетер ушықтыра түсті, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Иранмен сауда-экономикалық байланысын үзбеген мемлекеттерге қатысты қатаң шектеулер енгізілетінін ескертіп, Уашингтон тарапы Иран экономикасын қолдайтын елдер үшін салдары ауыр болатынын мәлімдеді. Тараптар арасында «Қаржылық D-Day» операциясы деп сипатталған бұл шараларға Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи жауап беріп, АҚШ-тың бұл әрекетін соғыс жариялаумен тең деп бағалады. Оның айтуынша, экономикалық қысым жалғасқан жағдайда Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы мұнай экспорты толықтай бұғатталады. Ақпан айының соңында АҚШ пен Израильдің әскери соққылары басталғалы бері мыңдаған адам қаза тауып, қақтығыстар Иранның инфрақұрылымын зақымдаумен қатар елдегі гиперинфляция мен ұлттық валюта бағамын одан әрі әлсіретті.

Сарапшылардың айтуынша, бұл дағдарыс әлемдік отын бағасының күрт өсуіне және халықаралық тасымалдың тоқтауына әкелуі мүмкін. Қараздық қақтығысты тоқтату мақсатында Катар, Пәкістан және Түркия сияқты елдер дипломатиялық делдалдық жасауға тырысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар