Қазақстан алтын сатып алудан әлемде екінші орынға шықты
Сурет авторы: depositphotos
2025 жылы Қазақстан 57 тонна алтын сатып алып, әлем бойынша екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Finprom.kz World Gold Council деректеріне сүйене отырып хабарлады.
Ең ірі сатып алушы Польша болды – 102 тонна. Қазақстаннан кейін Әзербайжан 53,4 тоннамен үшінші орынға шықты. Сондай-ақ Бразилия (42,8 тонна) мен Түркия (26,1 тонна) алғашқы бестікке енді. Өзбекстан (7,8 тонна) мен Қырғызстан (7,6 тонна) да белсенді сатып алушылар қатарында.
Алтын бағасының тарихи максимумға жетуі аясында сатып алу көлемі артты. 2025 жылдың басында бір троя унциясы шамамен 2,8 мың доллар тұрса, жыл соңына қарай 5 мың доллардан асты. Сарапшылар алтынды жылдың ең табысты қорғаныс активі деп бағалады.
Бағаның өсуі геосаяси шиеленіс, АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуін күту және облигациялар кірістілігінің азаюымен байланыстырылады. Сонымен қатар Қытай мен Үндістан сияқты елдердің орталық банктері тарапынан сұраныс жоғары болды.
2020–2025 жылдар аралығында алтынды ең көп сатып алған ел – Қытай (358 тонна). Одан кейін Польша (321,6 тонна), Үндістан (245,3 тонна), Түркия (234,7 тонна) және Бразилия (105,1 тонна) келеді.
Алайда осы алты жыл ішінде Қазақстан ірі сатушылар қатарында да болды. Жалпы таза қысқару 44,4 тоннаны құрады. 2022–2024 жылдары Ұлттық банк резервтерді әртараптандыру және өтімділікті қолдау мақсатында 118,3 тонна алтын сатқан. 2025 жылы саясат өзгеріп, рекордтық бағалар мен геосаяси турбуленттік жағдайында ел қайтадан алтын жинақтауға көшті.
Бұл кезеңде Қазақстаннан көп алтын сатқан жалғыз ел – Филиппин (64,8 тонна). Сондай-ақ Шри-Ланка, Германия, Моңғолия және Тәжікстан ірі сатушылар қатарында аталды.
Халықаралық статистикаға сәйкес, әлем орталық банктері 36,5 мың тоннадан астам алтынға ие, бұл – өндірілген металдың шамамен бестен бірі. АҚШ 8,1 мың тоннамен бірінші орында. Германия, Италия және Франция келесі орындарды иеленеді. Ресей 2,3 мың тоннамен бестікті түйіндейді. Қазақстан 341 тонна қорымен әлемде 16-орында. Өзбекстан 390,3 тоннамен екі саты жоғары тұр.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда бизнесті қолдаудың жаңа кезеңі басталады: Кәсіпкерлерге қандай жеңілдіктер берілмек
1 күн бұрын
-
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМ ЕКІ ЖЫЛДА БІР РЕТ ӨТЕДІ
2 күн бұрын
-
Қазақстанда ипотека мен автонесие беру тәртібіне қатысты жеңілдіктер ұзартылды
2 күн бұрын
-
ШҚО әкімі мен «Қазақ газеттері» басшысы ақпарат саласындағы әріптестікті талқылады
2 күн бұрын
-
Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат кеңес мүшелерінің серіктесі атанады
2 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары ШҚО тұрғындарымен Президент Жолдауының басым бағыттарын талқылады
2 күн бұрын
-
Шымкенттегі «Жұлдыз» индустриалды аймағына 6,4 шақырым теміржол тартылды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда ақылы жолдардың төлем тәртібі өзгеруі мүмкін: кімдерге қатысты?
2 күн бұрын
-
Ұшақтарға бомба қойылғаны туралы хабар Еуропаны әбігерге салды: 27 рейс тоқтатылды
2 күн бұрын
-
Ресей азаматтығынан бас тартқан Higgsfield басшысы Қазақстан төлқұжатын алды
2 күн бұрын
-
ФРАНЦИЯДАҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ: 1,5 МИЛЛИОННАН АСТАМ ХАЛЫҚ КӨШЕГЕ ШЫҒЫП, 400-ДЕН АСТАМ АДАМ ҰСТАЛДЫ
2 күн бұрын
-
Ресейден мыңнан астам жүк көлігін өткізгені үшін 100 млн теңге пара алған: бұрынғы шенеунік 10 жылға сотталды
2 күн бұрын
-
АҚШ-та ата-аналар маңызды дәруменнен бас тартып, сәбилер шетінеп жатыр
2 күн бұрын
-
Құрылтайда отандық капитал нарығын дамыту мен бизнесті қаржыландырудың жаңа тетіктері қаралды
3 күн бұрын
-
Қостанайдағы «Qaz Talks» алаңы: Президент Жолдауындағы басты өзгерістер талқыланды
3 күн бұрын
-
Қорғау тарапы шақырған куәгерлердің өздері Боқаев адвокаттарының сөзіне қайшы келетін мәліметтер берді
3 күн бұрын
-
Астанада Президент Жолдауын жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер іріктелді
3 күн бұрын
-
Криштиану Роналду Португалия құрамасынан кететінін жариялады
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың банктегі депозитіне салық салына ма? Министрлік жауап берді
3 күн бұрын
-
ҰҚК бейнебақылаудың жаңа тәртібін бекітті: бейнежазбаларға кімдер қол жеткізе алады?
3 күн бұрын
-
Маңғыстаудағы әскерилердің қазасы: 300-ден астам адамнан жауап алынды
3 күн бұрын
-
Алматы метросында жолаушыларды кіргізбей қойды: себебі белгілі болды
3 күн бұрын
-
Орталық Азияның қос алпауыты әуе кеңістігін кеңейтеді: Қазақстаннан Өзбекстанға қатынайтын рейстер саны артады
3 күн бұрын
-
6 заң, 27 депутаттық сауал: Құрылтай қазанда қандай жұмыс атқарды?
3 күн бұрын
-
Аустралияда 5 миллион аккаунт жабылды: Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған заң сотта қаралып жатыр
3 күн бұрын
-
Қазақстанда Stadler пойыздары қатынай бастайды: билет бағасы мен кестесі белгілі болды
3 күн бұрын
-
Павлодарда екі оқушы қызға жыныстық зорлық жасады деген күдіктілер қамауға алынды
3 күн бұрын
-
Мектептегі жөндеу мен мұғалімге сыйлық: Ата-аналар қандай шығындарды төлеуге міндетті емес?
3 күн бұрын
-
Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді? «ҚазМұнайГаз» басшысы жауап берді
4 күн бұрын
-
Президент Жолдауы: ШҚО-да 2027 жылға арналған міндеттер айқындалды
4 күн бұрын
-
Енді әркім өз зейнетақысының тағдырын өзі шешеді
4 күн бұрын
-
«Ұлымды өлтіргеніне дәлелім бар»: әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары әділдік талап етті
4 күн бұрын
-
Көлік арзандауы мүмкін: министр себебін түсіндірді
4 күн бұрын
-
Астана – Петропавл тасжолындағы апат: жараланған полицей қайтыс болды
4 күн бұрын
-
Елде ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы басталады: Қаражаттың жұмсалуын кімдер бақылайды?
4 күн бұрын
-
6,5 трлн теңге: Ұлттық қордың ақшасына не салынады?
4 күн бұрын
-
Қазақстан 3,4 млрд юань қарыз алмақ: Ол қайда жұмсалады?
4 күн бұрын
-
Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын сынға алды: себебі белгілі болды
4 күн бұрын
-
Трамп Израильге берілетін миллиардтаған доллар көмекті тоқтататынын мәлімдеді
4 күн бұрын
-
Қазақстанда тағы бір сала мамандарының табысы артуы мүмкін
4 күн бұрын
-
Ташкенттегі жаппай улану: Зардап шеккен балалар елге қайтарыла бастады
4 күн бұрын
-
Дәрі орнына есірткі: Фармкомпания басшылары күдікке ілінді
4 күн бұрын
-
Қазақстанда заңсыз казино ұйымдастырған Ресей мен Украина азаматтары іздестіріліп жатыр
4 күн бұрын
-
«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда екі әйелдің тікелей эфирі сотқа ұласты
4 күн бұрын
-
Құрылтайда Жолдаудағы агросектор, су ресурстары және экологияға қатысты міндеттерді іске асыру жолдары талқыланды
5 күн бұрын
-
Тоқаев Көлік министрін ауыстырды
5 күн бұрын
-
Қазақстандық балалардың жаппай улануы: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды
5 күн бұрын
-
Қазақстанда тегін берілетін дәрілер тізімі өзгерді
5 күн бұрын
-
Неге жалақы тек учаскелік дәрігерлерге өседі: Әлназарова түсіндірді
5 күн бұрын