$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жеңіс күніне арналған шеру еліміздің тек бір қаласында өтеді

Редакция
30 сәуір 2024 07:24 1447
Жеңіс күніне арналған шеру еліміздің тек бір қаласында өтеді Сурет авторы: Қорғаныс министрлігі

Биыл Қорғаныс министрлігі әскердің жауынгерлік әзірлігін күшейтіп, қаржыны үнемдеу мақсатында 7 және 9 мамыр күндері салтанатты шеру өткізбеу туралы шешім қабылдаған болатын. Елдегі соңғы шеру 6 жыл бұрын, пандемияға дейін – 2018 жылы өтті. Дегенмен биыл бір қаланың тұрғындары  әскери күштердің шеруіне куә бола алады.

Байқоңыр қаласы Жеңіс күніне орай іс-шара ұйымдастырады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Жеңіс шеруі 9 мамыр күні таңертең Ленин алаңында өтеді. Сол күні Жеңістің 75 жылдығына арналған монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Байқоңырда 70 мыңнан астам адам тұрады, оның басым бөлігі – Қазақстан азаматтары. Байқоңыр – Ресейге 2050 жылға дейін жалға берілген «Байқоңыр» кешенінің бір бөлігі. Ол сондай-ақ Ресей Федерациясының федералдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебеге ие.

Байқоңырды жалға бергені үшін Қазақстан бюджетіне жыл сайын 115 миллион доллар түсіп отырады.

Соңғы жаңалықтар