Құрылтайда цифрлық экономиканы ескере отырып жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі Президенттің бастамасы талқыланды
Сурет авторы: Ж.Жұмабеков
Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы: цифрлық экономика тұрғысынан азаматтық заңнаманы жетілдіру және қайта қарау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Әділет» партиясы мен Maqsut Narikbayev University бірлесіп ұйымдастырған алқалы жиынға Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров қатысты.
Отырыста комитет төрағасы Үнзила Шапақ бұл іс-шара Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігі туралы бастамасын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Ол қолданыстағы Азаматтық кодекске қабылданған сәттен бері 150-ден астам өзгеріс пен толықтыру енгізілгенін айтты.
Құжатта заманауи шарттық институттардың жоқтығы Қазақстанның шетелдік әріптестер үшін инвестициялық тартымдылығын төмендетеді. Ал цифрлық активтер мен смарт-келісімшарттарды реттейтін нормалардың болмауы IT-сектор мен инновациялық экономиканың дамуын тежейді.
– Жаңа Азаматтық кодексті қабылдау – елдің құқықтық егемендігін нығайту, Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық өсуін және құқықтық жаңғыртылуын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық қадам. Президент Құрылтай депутаттарының алдына Үкіметпен бірлесіп құжатты әзірлеуге кірісу және оны келесі жылдың соңына дейін қабылдау туралы нақты міндет қойды. Бұл жұмыс заңнама бойынша сарапшылар қауымдастығымен бірге барлық тараптардың бірлесіп әрекет етуін талап етеді, – деді Үнзила Шапақ.
Вице-спикер Нұрлан Бекназаров өз сөзінде дөңгелек үстел Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайдың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылғанын атап өтті. Ол 1995 жылы қолданысқа енгізілген Азаматтық кодекс Қазақстанның азаматтық заңнамасының берік негізіне айналғанын еске салды. Алайда уақыт талабына орай, оны жетілдіру қажеттілігі әлдеқашан жеткен болатын.
– Мемлекет Басшысы өз Жолдауында болашақтың экономикасына байыппен көшудің құқықтық негізіне айналатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажеттігін атап өтті. Электрондық мәмілелер, цифрлық активтер, платформалық экономика, жасанды интеллект технологиялары және деректер айналымы дәстүрлі азаматтық құқық институттарына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл ретте жаңа құқықтық реттеу экономиканың дамуына кедергі келтірмеуге, керісінше, инновациялар мен кәсіпкерлік бастамалар үшін қолайлы жағдай жасауға, азаматтық айналымның құқықтық сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс, – деді Нұрлан Бекназаров.
Вице-спикердің айтуынша, дөңгелек үстел мемлекеттік органдардың, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың пікірлерін тоғыстыратын маңызды кәсіби алаң болып отыр.
«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов жаңа Азаматтық кодекс пен қолданыстағы заңдардың келісілуін қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. Оның пікірінше, әзірлеушілер нормалардың екіұшты болмауы үшін заңды тұлғалар, корпоративтік қатынастар, мұрагерлік және зияткерлік меншік мәселелерін реттеудің бірыңғай терминологиясы мен құқықтық тәсілдерін қалыптастыруы қажет.
– Бұл ретте «Заң және Тәртіп» қағидатын да ескеру керек. Цифрлық экономиканың дамуы заңдылықты нығайтумен, азаматтардың құқықтарын қорғаумен және цифрлық ортадағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қамтамасыз етумен қатар жүруге тиіс. Біз жаңа технологиялардың ұйымдар, цифрлық платформалар немесе автоматтандырылған жүйелер алдында заңды түрде осал болып қалуына жол бермеуіміз керек, – деді Нұрсұлтан Байтілесов.
Сондай-ақ, Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова, «Әділет» партиясының «Әділетті Орта» үйлестіру-талдау орталығының жетекшісі Абзал Құспан баяндама жасады.
Дөңгелек үстел барысында депутаттардың, шақырылған заңгерлер мен сарапшылардың қатысуымен тақырыптық пікірталас өтті.
Комитет төрағасы Үнзила Шапақ жиынды қорытындылай келе, барлық қатысушыларға мазмұнды баяндамалары мен жан-жақты сындарлы талқылауы үшін алғысын білдірді. Ол айтылған барлық ескертулер мен ұсыныстар Азаматтық кодекс жобасын әзірлеу кезінде ескерілетінін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
-
Құрылтайда цифрлық экономиканы ескере отырып жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі Президенттің бастамасы талқыланды
1 сағат бұрын
-
24 миллион тонна астқы: қазақстанда соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі тіркелді
1 сағат бұрын
-
Кәсіподақтың миллиондарын кім басқарды? Сот Боқаевтың алаяқтық әрекеттеріне қатысты мән-жайларды анықтауда
21 сағат бұрын
-
«Платите кредиты за меня, а я платить буду вам»: женщина в Instagram обманула 19 человек на 155 млн тенге
22 сағат бұрын
-
Тоқаев бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өседі
3 күн бұрын
-
Тоқаев: «Балқаш» АЭС құрылысын келесі жылы бастау қажет
3 күн бұрын
-
Тоқаев: Тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе шешілген жоқ
3 күн бұрын
-
Тоқаев: Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
3 күн бұрын
-
Стамбұлда қаза тапқан қазақстандықтың ісінде жаңа деректер белгілі болды
3 күн бұрын
-
Сабина Алтынбекова жас волейболшыны ұрған бапкерге қатысты пікір білдірді
3 күн бұрын
-
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады
3 күн бұрын
-
«Құжаттарды кабинетінен алып кетіп жүрдім»: куәгер сотта Боқаев кәсіподақтан қаражат жымқыруды жеке бақылауда ұстағанын айтты
4 күн бұрын
-
Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
4 күн бұрын
-
«Кездесуді асыға күтемін»: Трамп Тоқаевқа құттықтау жолдады
4 күн бұрын
-
Магистратура мен докторантураға түсу: 28 қазанда өтініш қабылдау басталады
4 күн бұрын
-
Өскемен ЖЭО-сы кеңейтіледі: жобаға 140 млрд теңге жұмсалады
4 күн бұрын
-
Саяхат кезіндегі уақыт белдеуінің ауысуы неге қауіпті
4 күн бұрын
-
Соғысқа қарамастан: жарты жылда 122 мың қазақстандық Ресейге жұмыс істеуге барған
4 күн бұрын
-
АҚШ-қа тікелей рейс ашу үшін Air Astana қандай талаптарды орындауы керек
4 күн бұрын
-
Сатылымға шыққанына бірнеше күн ғана болған iPhone Duo экрандары сынып жатыр
4 күн бұрын
-
Неге қазақстандық әйелдер бала тууды кейінге шегеріп жатыр – сауалнама
4 күн бұрын
-
Миллиондап табыс табатын қазақстандықтар: Елімізде кімнің айлығы ең жоғары
4 күн бұрын
-
Мектептерде 4 күндік оқу аптасы енгізілуі мүмкін бе: Қазақстандықтар жұманы демалыс ету идеясын қызу талқыланып жатыр
4 күн бұрын
-
Microsoft жасанды интеллект үшін 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынды
4 күн бұрын
-
Құпия деректері тарап кеткен: Швеция үкіметі шенеуніктерге ChatGPT мен Claude сервистеріне тыйым салды
4 күн бұрын
-
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҰЛЫЛАР ЕЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
6 күн бұрын
-
Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
6 күн бұрын
-
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ МЕДИА: ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПТЫ СӨЗ
6 күн бұрын
-
Тіс емдетуге барған үш жасар қыз жансақтау бөліміне түсті
1 апта бұрын
-
Атырауда шенеунік пәтерінен өлі табылды
1 апта бұрын
-
Республика күні қарсаңында Тарбағатайда бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді
1 апта бұрын
-
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРДЫ ТАБЫСТАДЫ
1 апта бұрын
-
Макрон шеруге шыққандарға қатаң шаралар қолданбақ
1 апта бұрын
-
Тоқаев: Кейбір әлеуметтік жеңілдіктер жымқыру негізінде беріліп жатыр
1 апта бұрын
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екінші рет қатарынан төмендетті
1 апта бұрын
-
"Мұнайшыларды наразылыққа итермеледі": ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
1 апта бұрын
-
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімі үш жылға қысқаруы мүмкін
1 апта бұрын
-
Қашаған дауы: арбитраж Қазақстанның 12 млрд долларлық талабын қанағаттандырмады
1 апта бұрын
-
Үй сатып алмақ болғандарға ескерту: бірқатар қызмет бірнеше күнге тоқтайды
1 апта бұрын
-
Франция мен Италиядағы сценарий қайталануы мүмкін: Германия неден қауіптенеді
1 апта бұрын
-
Тоқаев Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
1 апта бұрын
-
Қазақстанда iPhone Duo ресми сатылымға шықты: бағасы қанша
1 апта бұрын
-
Астана, Алматы және Шымкенттен көшкендерге мемлекет ақша төлейді
1 апта бұрын
-
Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты тапсырма берді
1 апта бұрын
-
Қазақстанда қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір екіншісі ауыр қылмысқа барған
1 апта бұрын
-
Отбасы банк комиссияны көтереді: Кімдерге әсер етеді?
1 апта бұрын
-
Ресейде соғысқа әкетілген қазақстандықтар елге орала бастады
1 апта бұрын
-
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 41 ауылға интернет тартылды
1 апта бұрын
-
Соғысты тоқтату келіссөзі қайта басталуы мүмкін: Ресей мен Украина АҚШ ұсынысын қолдады
1 апта бұрын