ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМ ҮЛЕСІ 12%-ҒА ЖЕТТІ

Редакция
01 қараша 2026, 15:10
Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру және заманауи агротехнологияларды енгізу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл шаралар 2024–2028 жылдарға арналған жол картасы аясында жүзеге асырылуда. Құжат Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.
ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛИТАЛЫҚ ТҰҚЫМ ҮЛЕСІ 12%-ҒА ЖЕТТІ

Министрліктің мәліметінше, биыл элиталық тұқымдардың үлесі жоспарланған 11,6%-дың орнына 12%-ға жетті. Сондай-ақ аграршылар 2,2 млн тонна минералды тыңайтқыш қолданған. Бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 66%-ын құрайды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі биыл 7%-ға жеткен. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жоғары табысты дақылдардың үлесін арттыру және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу көзделген.

Аталған шаралар егіс алқаптарының өнімділігін арттыруға, өндіріс шығындарын азайтуға және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі әрі сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар