$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Жазда еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады – Қазгидромет

Редакция
19 сәуір 2024 08:41 3926
Жазда еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады – Қазгидромет Сурет авторы: ТЖМ

Жазда жауын-шашынның аз түсуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады.

Өрт қаупі қар жамылғысы ери бастаған сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа-райы орын алғанға дейін немесе қар жамылғысы пайда болғанға дейін сақталады.

"Қазгидромет" РМК 15 сәуірден бастап 15 қазанды қоса алған аралықта Қазақстан облыстары бойынша өрт қаупі туралы болжам шығарады.

Өрт қаупі көрсеткіші құрғақ және ыстық ауа-райының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде жалғасу кезеңіне байланысты болады. Өрт қаупінің дәрежесі мынадай 5 санат бойынша сипатталады:

1-санат - өрт қаупі жоқ;

2-санат – болмашы өрт қаупі;

3-санат - орташа өрт қаупі;

4-санат - жоғары өрт қаупі;

5-санат - төтенше өрт қаупі.

"4-сынып (жоғары өрт қаупі) және 5-сынып (төтенше өрт қаупі) өрт қаупі көрсеткіші анықталған кезде "Қазгидромет" компаниясы өрт қаупі туралы дауылды ескертулер шығарады", – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар