$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жайық өзенінің суы әлі де көтеріліп жатыр

Редакция
01 мамыр 2024 03:52 1440
Жайық өзенінің суы әлі де  көтеріліп жатыр Сурет авторы: Үкіметтің баспасөз қызметі

Атырау облысы бойынша жедел штаб соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгергенін хабарлады.

Индербор стансасында су 25 см, Махамбет кентінде 15 см, ал Атырауда тәулігіне 5 см-ге көтеріліп, 451 см-ге жетті.

Жедел штаб су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілетінін қосты.

Қазақстанның сегіз облысында төтенше жағдай режимі жалғасуда.

Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов Атырау облысына топан су келетінін, жақын күндері шарықтау шегіне жететінін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар