$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жайық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылады

Редакция
29 сәуір 2024 03:03 2752
Жайық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылады Сурет авторы: atr.kz

Жайық өзенінің Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұсындағы су деңгейі 633 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

«Қазгидромет» РМК БҚО бөлімшесінің 29 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша, Тайпақ ауылында су деңгейі бір тәулікте 27 сантиметрге жоғарылаған.

Жайықтың су деңгейі облыстың басқа жерлерінде түсіп келеді. Атап айтсақ, Бәйтерек ауданы Январцев ауылындағы гидробекетте 844 (-10, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 838 (-8, 850 см), Көшімде 846 (-3, 850 см) түскен.

Облыстағы басқа өзендерде де су деңгейі төмендеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар