$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жайық өзені арнасынан асуға сәл қалды

Редакция
21 сәуір 2024 04:47 1171
Жайық өзені арнасынан асуға сәл қалды Сурет авторы: azh.kz

Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі 832 сантиметрге жетіп, қауіпті межеге жақындады. Қауіпті шек – 850.

Су басу қаупі бар Курени, Коминтерн, Самал, Жас натуралистер станциясы аудандары мен Елизаров көшесінің тұрғындарына қауіпсіз жерге көшу туралы ескертілді. Бау-бақша серіктестіктер тұрғындары үшін қосымша 3 уақытша паналау орыны ашылды. 15 эвакуациялық пунктте 2300 адам орналасқан. Өңірде 1900 тұрғын үй, 3300-ге жуық саяжай учаскесін су басқан. Жайық өзені тасыған кезде Шаған өзені де көтеріліп, "Телеорталық" ауданы маңындағы саяжайларға су жайылды. 

"Шаған су қоймасының деңгейі 30-65-ті құрайды. Тәулігіне 35 см қосып, кеше таңертең Шаған су қоймасының деңгейі 30 метр 30 см болған. Кешегі күнге дейін Шаған ағысы баяу болса да Жайыққа қарата байқалған болатын. Кеше түстен бастап, Жайық деңгейі өсуіне байланысты Жайықтың тасқын суы Шаған өзеніне кіріп, жоғары жаққа аға бастады", – деді "ҚАЗСУШАР" РМК БҚОФ директоры Рауан Құсайынов 24kz-ке.

Соңғы жаңалықтар