$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Жамбыл облысында мектептегі әлімжеттіктен оқушы мерт болды

Редакция
02 мамыр 2024 13:51 1058
Жамбыл облысында мектептегі әлімжеттіктен оқушы мерт болды

30 сәуір күні таңғы сағат 10:00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп ауласындағы әжетханада 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын баланы ұрып-соққан. Салдарынан жасөспірім жан тапсырған. 

Білім басқармасының хабарлауынша, құзырлы органдар 30 сәуірде Құмжота ауылындағы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеріс бастаған.

Полиция 8-сынып оқушысының өліміне байланысты кәмелетке толмаған бала күдікке ілінгенін хабарлады. Оны изоляторға отырғызған. Мектеп басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" фактісі бойынша іс қозғалған.

Ата-аналардың айтуынша, 9-шы сыныптың оқушылары 8 оқитын ұлдарды даладағы дәретханаға кіргізіп, ұрған. Оған дейін мектеп директоры оқушының әкесіне «ұлыңыздың жүрегі тоқтап қалды» деген. Марқұм болған бала мектептегі әлімжеттік жайлы әкесіне, ал әкесі директорға былтырдан бері ескерткен.

Соңғы жаңалықтар