$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

ЮНЕСКО қазақтың ұлттық дәстүрін қорғауға қаржы бөледі

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3665
ЮНЕСКО қазақтың ұлттық дәстүрін қорғауға қаржы бөледі

ЮНЕСКО халықаралық қоры Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Қазақстанның ұлттық комитеті ұсынған жобаны алғаш рет қаржыландырмақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымның штаб-пәтерінде материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-сессиясы Бюросының бірінші отырысы өтті. Жиында ЮНЕСКО-ның МЕММ қорғау қорынан халықаралық көмек механизмі бойынша жобаларды қаржыландыруға төрт өтінім қарастырылып, қолдау тапқан.

«Елге 99,6 мың доллар бөлінді. Бұл ақша материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімін жаңартуға жұмсалады», - деп жазды СІМ.

Айта кетейік, материалдық емес мәдени мұраға қазақша күрес, күй, жыртқыш құстармен аңшылық өнері, Наурыз, дәстүрлі асық ойыны және т.б жатады.

Соңғы жаңалықтар