$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Whatsapp-та тасқыннан зардап шеккендерге көмек сұрау туралы әрбір үшінші хат – фейк

Редакция
18 сәуір 2024 06:02 3000
Whatsapp-та тасқыннан зардап шеккендерге көмек сұрау туралы әрбір үшінші хат – фейк Сурет авторы: gov.kz

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мамандары мәлімдеді.

Полицейлер үш күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру анықтаған. Хаттардың көзі жойылып, авторларының телефон нөмірі бұғатталған. 

Алаяқтардың көздегені – қиын-қыстау кезеңде адамдардың жағдайын пайдаланып, оңай олжаға кенелу. Сондықтан полицейлер қаржылық сұрақтармен байланысты кез келген ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге және барынша сақ болуға кеңес береді.

СҚО тұрғындары күмәнді хабарландырулар мен сілтемелерді тексерту үшін криминалдық полиция басқармасының қызметкеріне + 7 747 429 0203 WhatsApp нөміріне жібере алады.

Соңғы жаңалықтар