$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Үкімет жылу көздерін жөндеуге 16 млрд теңге бөлді

Редакция
30 сәуір 2024 04:38 4213
Үкімет жылу көздерін жөндеуге 16 млрд теңге бөлді Сурет авторы: yk-news.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің үш қаласында жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды.

Кентаудағы қазандықтарды реконструкциялауға 9 млрд теңгеден астам, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге – 4,9 млрд теңге, ал Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын реконструкциялауға – 2 млрд теңгеден сәл астам қаражат бөлінді. Осылайша, аталған жылу көздерін жаңғыртуға жалпы сомасы шамамен 16 млрд теңге бағытталды.

Жалпы еліміз бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногор, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларында да жылу көздерін жөндеу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар