$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Тоқаев «QazaqGaz» басшысына бірқатар тапсырма берді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 4604
Тоқаев «QazaqGaz» басшысына бірқатар тапсырма берді Сурет авторы: NULL

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. 

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Санжар Жаркешов ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырған. Атап айтқанда, газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту және газдың ресурстық базасын дамыту жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Жаркешовтің айтуынша, құны 400 миллиард теңгеден асатын, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбыры тартылып, іске қосылған. Сондай-ақ, 11 өңірдегі 112 елді мекен газға қол жеткізген. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен жабдықталған.

Бұдан бөлек, компания ауа райы күрт суытып, газ тасымалдау жүйесіне шектен тыс жүктеме түскен кезде ішкі нарықтың сұранысын толықтай өтеп, тұрғындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз еткен.

Президент Тоқаев газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар