$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Тоқаев: Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1316
Тоқаев: Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады Сурет авторы: ortcom.kz

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында Президент Тоқаев Елтаңбаның ауысуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, көк туымыз бен әнұранымызда мін жоқ.

“Біздің Көк туымызда мін жоқ. Онда еліміздің бірегей болмысы нақты бейнеленген. Әнұранымыз да нағыз ұлттық рухты паш етеді. Қазақтың әнұраны әлемнің әр түкпірінде шырқалып жүр. Жаңа жылды жақындарымыздың ортасында әнұранмен қарсы алу жақсы дәстүрге айналды. Бір сөзбен айтсақ, әнұранымыздың сөзі де, әуені де халықтың жүрегіне әбден орныққан”, –дейді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жататынын, олардың ескерусіз қалмау керек екеніне тоқталды.

“Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр”, – деп толықтырды ол.

Президент ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құрылатынын айтты.

“Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады”, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар