$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

Редакция
09 мамыр 2024 04:20 3097
Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Жеңіс күнімен құттықтады.

"Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз" делінген Ақорда баспасөз қызметі таратқан Тоқаев құттықтауында.

"Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік!" деді Қазақстан президенті. Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанына 79 жыл болады.

Қазір Мәскеуде жүрген Тоқаев кеше құрамына Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіретін Еуразия экономикалық одағының Жоғары экономикалық кеңесі отырысына қатысқан.

Президент 9 мамырда, Мәскеуде Жеңіс күні құрметіне өтетін әскери парадқа қатысады. 

Соңғы жаңалықтар