$ 487.73 € 558.99 ₽ 6.63

eGov Mobile-да газ көрсеткіштерін жолдаудың жаңа тәсілі іске қосылды

Редакция
18 маусым 2026, 14:48
eGov Mobile-да газ көрсеткіштерін жолдаудың жаңа тәсілі іске қосылды Сурет авторы: T-J.ru

Енді газ көрсеткіштерін eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн жолдауға болады. Бұл мүмкіндік QazaqGaz Aimaq жаңа сервисі арқылы қолжетімді болды.

Бұған дейін тұтынушылар көрсеткіштерді қашықтан тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жібере алатын. Енді қосымша бағдарламаны орнатпай-ақ, қызметті eGov Mobile платформасынан пайдалануға болады. Жаңа сервистің ерекшелігі – ЖИ қолданылуы. Пайдаланушы есептегіштің фотосуретін жүктеген кезде жүйе суреттегі мәліметтерді автоматты түрде оқып, енгізілген көрсеткіштермен салыстырады. Егер сәйкессіздік анықталса, сервис бұл туралы бірден хабарлайды.

Мұндай тәсіл деректерді енгізу кезіндегі қателіктердің алдын алып, тұтынылған газ үшін есептеулердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бақылаушы мамандардың қосымша тексеру жүргізу қажеттілігін азайтады.

Газ есептегішінің көрсеткіштерін әр айдың 25-інен келесі айдың 5-іне дейін жолдауға болады.

Соңғы жаңалықтар