$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 100-ден астам адам уланып, ауруханаға түсті

Абдрахманов Мағжан
22 маусым 2026, 17:21
Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 100-ден астам адам уланып, ауруханаға түсті Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында мейрамханаға барғаннан кейін ішек инфекциясының белгілері байқалған 102 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 19 маусымнан бері науқастар Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Госпитализацияланғандардың 34-інде сальмонеллезге күдік бар. Барлық науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта мамандар науқастармен байланыста болған адамдарды медициналық бақылауға алған. Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберіліп, емдеу мекемелерінде қажетті төсек-орын қоры мен дәрі-дәрмек қоры дайындалған.

Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін тағам өнімдері мен қоршаған орта нысандарынан сынамалар алынған. Оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары аясында мейрамхананың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар