Мәулен Әшімбаев отандық бизнестің мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігіне алаңдаушылық білдірді
Сурет авторы: E-history.kz
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан бизнесінің мемлекеттік қолдау құралдарына шамадан тыс тәуелді болып қалғанын атап өтті. Оның пікірінше, бүгінгі таңда кәсіпкерлік сектордың басым бөлігі мемлекеттік бюджетпен тікелей байланысты болып отыр.
Сенатта өткен Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау кезінде сенатор Шәкәрім Бұқтығұтов маңызды мәселе көтерді. Депутаттың айтуынша, 2025 жылы кәсіпкерлікті қолдауға шамамен 195 млрд теңге бөлінгенімен, оның 96 пайызы кепілдендіру мен субсидиялауға бағытталған. Алайда бұл қаражаттың экономиканың өсуіне тиісті деңгейде мультипликативті әсер етпей отырғаны байқалады.
Өз кезегінде, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2022-2025 жылдар аралығында 9 мыңнан астам жоба тексеріліп, оның тек 145-інде ғана заңбұзушылық анықталғанын жеткізді. Ол кәсіпкерлердің салық түсімдерін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және еңбекақы қорын ұлғайту сияқты негізгі талаптарды орындап жатқанын алға тартты.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік қолдау тетіктерінің тым көп екенін және олардың тиімділігін қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Қазіргі таңда бизнеске қолдау республикалық бюджет, «Бәйтерек» холдингі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады.
«Бизнестің мемлекет айналасында шоғырлануы – бүгінгі күннің шындығы. Тендерлер, субсидиялар, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету сияқты құралдар көп. Бұл жерде функциялардың қайталануы, әкімшілік шығындардың көбеюі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуы мүмкін», – деді Мәулен Әшімбаев.
Спикер мәселені шешу үшін бизнеске қолдау көрсететін құрылымдарды оңтайландырып, «бірыңғай терезе» жүйесін белсенді түрде енгізуді ұсынды. Оның пайымдауынша, жасанды интеллектіні қолдану арқылы кәсіпорындарға қажетті мемлекеттік қолдау шараларын автоматты түрде айқындау жүйесін қалыптастыру қажет.
Соңғы жаңалықтар
-
Астанада мектептер мен индустриялық парк салу үшін 50-ден астам жер учаскелері алынады
6 сағат бұрын
-
JET самокаттарын пайдалануға жаңа талаптар енгізіледі
6 сағат бұрын
-
111 талапкерді грантқа түсіремін деп 70 млн тг жинаған алаяқ 4 жылға сотталды
8 сағат бұрын
-
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
8 сағат бұрын
-
Үкімет резервінен спортшылар мен жаттықтырушыларға сыйақы төленді
8 сағат бұрын
-
Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды – Тоқаев
8 сағат бұрын
-
Тоқаев: Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық
8 сағат бұрын
-
eGov Mobile-да газ көрсеткіштерін жолдаудың жаңа тәсілі іске қосылды
9 сағат бұрын
-
Төреғали Төреәлі Дастан Сәтбаевқа арналған жаңа әнін таныстырды
10 сағат бұрын
-
Өзбекстанның тарихи голы тіркелді, бірақ жеңіс бұйырмады
10 сағат бұрын
-
Өскеменде үш жасар бүлдіршін үйінен 1,5 шақырым жерден табылды
10 сағат бұрын
-
Сенат депутаты «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асырудағы қаржылық тиімсіздікке қатысты мәселені көтерді
11 сағат бұрын
-
Мәулен Әшімбаев отандық бизнестің мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігіне алаңдаушылық білдірді
11 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау министрлігі 2027 жылға қарай стационарлық емдеуге жатқызу көрсеткішін 20%-ға төмендетуді жоспарлап отыр
12 сағат бұрын
-
Apple өнімдері қымбаттайды: Тим Кук бағаның өсуін растады
12 сағат бұрын
-
Қазақстанда барлық банкке ортақ бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады
12 сағат бұрын
-
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты: туристер үшін қандай өзгерістер бар
12 сағат бұрын
-
Қырғызстанда балаға әкесі мен анасының тегін қатар беру мәселесі қарастырылуда
13 сағат бұрын
-
Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады
13 сағат бұрын
-
Ашығу режимі миды стресстен қалай қорғайды
14 сағат бұрын
-
Синоптиктер ескертеді: Қазақстанның үш ірі қаласында қолайсыз ауа райы күтілуде
14 сағат бұрын
-
Маңғыстау облысында еңбек нарығы өзгеруде: Сұраныс қай салаларға ауды
1 күн бұрын
-
Түркістан облысының әкімі «Дара ұрпақ» инклюзивті театрының ұжымымен кездесті
1 күн бұрын
-
2026 жылғы білім беру гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгіленді
1 күн бұрын
-
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында қозғалыс жартылай шектелді
1 күн бұрын
-
Астанада саябақты өртеген жасөспірімдер анықталды
1 күн бұрын
-
Алматы облысында сушиден 19 адам уланды: тамақтану орнында санитарлық тексеріс басталды
1 күн бұрын
-
Иран Қазақстанға Парсы шығанағындағы маңызды порттардың бірінен арнайы жер телімін бермек
1 күн бұрын
-
Қазақстанның барлық казармаларында «ақылды» бейнебақылау жүйелері орнатылады
1 күн бұрын
-
Мәжіліс депутаты Ә. Мүтәлі сейсмикалық қауіпсіздік жүйесін цифрландыруды талап етті
1 күн бұрын
-
Депутат «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолындағы жылдамдық режимін қайта қарауды талап етті
1 күн бұрын
-
«AMANAT» фракциясы шетелдік қаржыландыруды бақылауды күшейтуді ұсынады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда ауа райы: аптап ыстық пен қолайсыз табиғи құбылыстар күтіледі
1 күн бұрын
-
Үш баланың әкесі алиментті 21 мың теңгеге дейін азайтуды сұраған
1 күн бұрын
-
Астанадағы Триатлон саябағында өрт шықты
1 күн бұрын
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді: Ғарыш саласын дамытудың басымдықтары белгіленді
1 күн бұрын
-
Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Швейцарияда бейбіт келісім жасауға дайындалуда
1 күн бұрын
-
Түркістандағы жанжалдан кейін бапкерлер қызметінен уақытша шеттетілді
2 күн бұрын
-
Қазгидромет: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы және ескерту
2 күн бұрын
-
«Аға, мен ата-анамнан айырылып қалдым»: Айтыскер Салтанат Өтелбаева жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
2 күн бұрын
-
Пойыз қозғалысын жеделдету жолдары талқыланып жатыр
2 күн бұрын
-
Алматыда зейнеткерлердің 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырған алаяқтар тобы құрықталды
2 күн бұрын
-
Қазақстанның ақылы автожолдарында орташа жылдамдықты бақылайтын камералар көбейеді
2 күн бұрын
-
Алматыда монорельсті көлік жүйесі енгізілуі мүмкін
2 күн бұрын
-
АҚШ-та жоғалған қазақстандықтың қаза болғаны белгілі болды
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының шекті мөлшері көтерілгеннен кейін қаражатты алуға өтініш бере ме
2 күн бұрын
-
Теректі–Ақсай тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды
2 күн бұрын
-
1 шілдеден бастап елімізде 30 жаңартылған теміржол вокзалы іске қосылады
2 күн бұрын
-
Депутаттардың нақты жалақысы мен күнделікті шығыны жайлы сұхбат берді
2 күн бұрын