$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Вьетнамға баратындарға ескерту: шекарадан өту тәртібі өзгерді

Редакция
19 маусым 2026, 15:55
Вьетнамға баратындарға ескерту: шекарадан өту тәртібі өзгерді Сурет авторы: visas.kz

Вьетнам билігі шетелдік азаматтардың елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында жаңа онлайн қызметті іске қосты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Жаңа «Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесі» (Pre-arrival Information – PAI) шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті мәліметтерді онлайн түрде алдын ала енгізуге мүмкіндік береді. Жоба шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартып, халықаралық әуежайлардағы жолаушылар легін тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде Таншоннят халықаралық әуежайында жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта оны Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ басқа да шекаралық өткізу бекеттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, PAI жүйесінде тіркелу Вьетнамға кіру үшін міндетті талап емес және ол виза рәсімдеуді алмастырмайды. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала жолдауға арналған. Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркеуді тек ресми портал арқылы жүргізуді ұсынып, күмәнді және жалған интернет-ресурстардан сақ болуға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар