$ 487.73 € 558.99 ₽ 6.63

111 талапкерді грантқа түсіремін деп 70 млн тг жинаған алаяқ 4 жылға сотталды

Редакция
18 маусым 2026, 15:58
111 талапкерді грантқа түсіремін деп 70 млн тг жинаған алаяқ 4 жылға сотталды

Астанада білім беру гранттарын алып беремін, сондай-ақ магистратура мен докторантураға түсіруге көмектесемін деген уәдемен 111 азаматты алдаған тұлғаға қатысты сот үкімі шықты. Прокуратура аталған іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, сотталушының заңсыз әрекеттерін дәлелдеді.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол азаматтарға оқу орындарымен байланысы бар екенін айтып, грантқа түсу мен жоғары оқу орындарына қабылдану мәселесін «шешіп бере алатынына» сендірген. Осы уәделерге сенген жәбірленушілер оған ірі көлемде ақша берген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген, алынған қаражатты ол өз пайдасына жұмсаған. Жалпы 111 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығын шамамен 70 миллион теңгені құрады. Жәбірленушілердің басым бөлігіне шығын өтелмеген.

Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім 2026 жылғы 12 мамырда заңды күшіне енген.

 

Соңғы жаңалықтар