$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Мектеп директорларын іріктеу: Өтініш қабылдау мерзімі мен тестілеу кестесі жарияланды

Редакция
22 маусым 2026, 10:07
Мектеп директорларын іріктеу: Өтініш қабылдау мерзімі мен тестілеу кестесі жарияланды Сурет авторы: ortcom.kz

Қазақстанда білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға конкурстық негізде тағайындау үшін кезекті тестілеу кезеңі басталады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, үміткерлерден өтініштер 2026 жылғы 22-23 маусым аралығында қабылданады.

Тіркелу тәртібі:

 Өтініш беру: 22-23 маусым (app.testcenter.kz сайтында).

 Тестілеу күні: 24 маусым.

 Қатысу құны: 9 403 теңге.

Тестілеу құрылымы:

Сынақ үміткерлердің біліктілігін бағалайтын 6 блоктан тұрады. Жалпы сұрақтар саны – 48, оның ішінде ең жоғары балл – 48, ал шекті көрсеткіш – 24 балл.

1. ҚР Еңбек кодексі (10 тапсырма, шегі – 5).

2. «Білім туралы» Заңы (10 тапсырма, шегі – 5).

3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы (10 тапсырма, шегі – 5).

4. «Педагог мәртебесі туралы» Заңы (10 тапсырма, шегі – 5).

5. Оқу-ағарту министрінің №348 бұйрығы (4 тапсырма, шегі – 2).

6. Оқу-ағарту министрінің №385 бұйрығы (4 тапсырма, шегі – 2).

Бұл тестілеу білім беру саласындағы басқарушы кадрлардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мектеп директорларын ашық конкурстық негізде тағайындау мақсатында өткізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар