$ 487.73 € 558.99 ₽ 6.63

Өскеменде үш жасар бүлдіршін үйінен 1,5 шақырым жерден табылды

Редакция
18 маусым 2026, 13:20
Өскеменде үш жасар бүлдіршін үйінен 1,5 шақырым жерден табылды Сурет авторы: Open source

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен үш жасар бала аман-есен табылды.

Polisia.kz мәліметінше, 17 маусым күні сағат 17:19 шамасында «102» арнасына Өскемен қаласының тұрғыны хабарласып, үш жасар немересінің жоғалып кеткенін айтқан. Әженің айтуынша, бүлдіршін үй ауласында ойнап жүрген сәтте көзден таса болып кеткен. Ол баланы өз бетінше іздеп көргенімен, нәтиже болмаған соң құқық қорғау органдарына жүгінген.

Хабар түскен бойда полиция қызметкерлері іздестіруді бастап, баланың болуы мүмкін бағыттарын тексерген. Үш жасар бала үйінен шамамен 1,5 шақырым қашықтықта табылған. Бүлдіршіннің жағдайы жақсы болғандықтан, оған медициналық көмек көрсетудің қажеті туындамады. Ол аман-есен туыстарына табысталды.

Баланың әжесі құқық қорғау органдарының кәсібилігі, мен оқиғаға бейжай қарамай, тез арада немересінің табылғаны үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар