$ 487.73 € 558.99 ₽ 6.63

Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Редакция
18 маусым 2026, 15:54
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді Сурет авторы: Архив

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Астанаға ресми сапармен келеді. Сапар 18–20 маусым күндері өтеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

19 маусым күні екі мемлекет  басшылары жоғары деңгейде келіссөздер жүргізеді деп жоспарлануда. Кездесу барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инвестициялық жобалар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар тараптар екіжақты қарым-қатынастың болашақ даму перспективалары бойынша пікір алмасады.

Соңғы жаңалықтар