$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Алматыдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: «Zeekr» жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Редакция
22 маусым 2026, 17:54
Алматыдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: «Zeekr» жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды Сурет авторы: cmn.kz

Алматы қалалық соты Әл-Фараби даңғылында болған үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарды. Сот шешімімен «Zeekr» көлігінің жүргізушісі Александр Пак 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы оқиға биыл 21 наурызға қараған түні орын алған болатын. Күдікті басқарған көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, «Mercedes» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Mercedes» жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Сот отырысы барысында Александр Пак өз кінәсін мойындап, қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады. Ол жасаған әрекеті үшін өкінетінін және жауапкершіліктен жалтаруға әрекет жасамағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, сотталушы қоғамда тараған өзінің ауқатты отбасынан шыққандығы туралы қауесетті жоққа шығарып, барлығына өз еңбегімен қол жеткізгенін атап өтті.

Айта кетерлігі, жәбірленуші тараптың кейбір өкілдері соттан айыпталушыға қатысты қатаң жаза қолданбауды және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған болатын. Алайда мемлекеттік айыптаушы соттан 10 жыл бас бостандығынан айыру және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру жазасын сұраған еді.

Соңғы жаңалықтар