Астанада халықаралық таеквандо мерекесі басталды: ALTAIC Cup пен Kazakhstan Open-ға тоғыз елдің спортшылары жиналды
Астанада халықаралық таеквандо мерекесі басталды: ALTAIC Cup пен Kazakhstan Open турнирлеріне тоғыз елдің спортшылары жиналды
Астанада таеквандодан халықаралық деңгейдегі айтулы жарыстар – ALTAIC Cup халықаралық турнирі мен Kazakhstan Open додаларының шымылдығы түрілді. 22–23 маусым күндері өтетін ALTAIC Cup бәсекесі мен 25–27 маусым аралығында ұйымдастырылатын Kazakhstan Open турнирі еліміздегі таеквандо спортының дамуына серпін беретін маңызды жарыстардың біріне айналмақ.
Дүбірлі дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтуде. Биылғы ALTAIC Cup турниріне тоғыз мемлекеттен келген спортшылар бақ сынауда. Атап айтқанда, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Корея Республикасы, Ресей, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан құрамалары қатысып жатыр.
Ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде қатысушылар мен қонақтарға World Taekwondo президенті Чунгвон Чо, ALTAIC таеквандо одағының президенті Құдрат Шәмиев және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов құттықтау сөз сөйледі.
Олар өз сөздерінде мұндай халықаралық жарыстардың жас спортшылар үшін маңызын атап өтіп, Қазақстанның таеквандо спортының дамуына қосып отырған үлесіне жоғары баға берді.
Салтанатты рәсім көрермендерге арналған әсерлі шоу-бағдарламамен жалғасты. Әлемге танымал World Taekwondo Demonstration Team командасы таеквандоның көркем әрі күрделі техникаларын көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар қойылым барысында қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен таеквандо философиясы үндескен ерекше композиция ұсынылып, ұлттық құндылықтар мен спорттың үйлесімі паш етілді.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
ALTAIC Cup турнирінің алғашқы жарыс күнінде-ақ Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды. Отандасымыз Самирхон Абабакиров финалдық кездесуде қарсыласынан басым түсіп, турнирдің алғашқы алтынын ел қоржынына салды.
Қара белбеу иегері татамиде жоғары техникалық шеберлігін, жылдамдығы мен тактикалық сауаттылығын көрсетіп, жанкүйерлердің қошеметіне ие болды. Оның бұл жеңісі қазақстандық таеквондошылардың халықаралық деңгейдегі дайындығының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осылайша, Астанада өтіп жатқан халықаралық дода Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталып отыр.
Ли Дэ Хун: «Қазақстан таеквандосының деңгейі өсіп келеді»
Халықаралық турнирдің құрметті қонақтарының бірі – Оңтүстік Кореяның атақты таеквондошысы Ли Дэ Хун.
Ли Дэ Хун – екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері (2012 және 2016), үш дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы және Азия чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы. Қазіргі уақытта ол АҚШ ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне кірісуге дайындалып жатыр.
Белгілі спортшы Қазақстанға келуінің себебін түсіндірді.
Мен бұл жерге Кореядағы танымал телебағдарлама үшін түсірілім жасау мақсатында келдім. Бағдарламаға көптеген спортшылардың арасынан бес жас таеквондошы іріктеліп алынды. Біз олардың дайындық процесін толық түсіреміз. Сонымен қатар осы халықаралық турнир аясында қазақстандық спортшылармен бірлескен жаттығулар өткізіп, спаррингтік кездесулер ұйымдастырамыз, – деді ол.
Ли Дэ Хун үшін бұл сапардың маңызы ерекше екенін атап өтті.
– Жақында АҚШ ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде жұмысымды бастаймын. Сондықтан Америкаға аттанар алдында Қазақстанға келіп, осындай халықаралық жарыстың атмосферасын сезіну мен үшін үлкен мәртебе. Мұнда спортшылармен бірге жаттығып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып отырмыз, – деді кореялық маман.
Оның айтуынша, халықаралық турнирлер жас спортшылардың қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Мұндай жарыстар жас таеквондошыларға өз қатарластарымен күш сынасып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Олар жаңа деңгейдегі қарсыластармен кездесіп, өздерінің осал және мықты тұстарын анықтайды. Бұл – болашақтағы үлкен жетістіктерге бастайтын маңызды қадам.
Сондай-ақ ол қазақстандық таеквондошылардың әлеуетіне жоғары баға берді.
– Қазақстан мен үшін таеквандо тұрғысынан өте қызықты мемлекет. Соңғы уақытта көптеген мықты қазақстандық спортшылардың шыққанын байқап жүрмін. ALTAIC Cup пен Kazakhstan Open – қазақстандық спортшылардың деңгейін бағамдауға мүмкіндік беретін маңызды жарыстар. Шыны керек, Қазақстанда таеквандо жақсы дамып келеді деп айта аламын, – деді Ли Дэ Хун.
Қазақстандық және кореялық бапкерлерді салыстыру туралы сұраққа ол:
– Мен бес жасымнан бастап таеквандомен айналыстым. Он жасымда кәсіби спорт жолына түстім және 32 жасқа дейін өнер көрсеттім. Қазақстандық бапкерлермен тікелей жұмыс істемегендіктен, нақты салыстыру жасау қиын. Дегенмен олардың спортқа деген қызығушылығы мен дамуға деген ұмтылысын байқаймын. Сондықтан қазақстандық жаттықтырушылардың деңгейі кореялық мамандардан кем түспейді деп есептеймін, – деп жауап берді.
ALTAIC Cup турнирі 23 маусымға дейін жалғасады. Ал 25–27 маусым аралығында дәл осы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында World Taekwondo күнтізбесіне енген Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді.
Астанадағы бұл жарыстар жас таеквондошылар үшін халықаралық тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып қана қоймай, Қазақстан таеквандосының әлемдік деңгейдегі беделін арттыруға және болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын айтулы спорт мерекесі болмақ.
Нуризат Мұратбекқызы
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын