$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Абай облысында камера қателігінен салынған 172 айыппұл жойылды

Редакция
19 маусым 2026, 16:45
Абай облысында камера қателігінен салынған 172 айыппұл жойылды Сурет авторы: El.kz

Абай облысының Аягөз қаласында жылдамдықты асырып жүргені үшін жүргізушілерге заңсыз салынған 172 әкімшілік айыппұлдың күші жойылды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.

Қадағалау органы анықтағандай, жол қозғалысын бақылайтын камера кешенінде техникалық қателік орын алған. Рұқсат етілген жылдамдық 60 км/сағ болғанымен, құрылғы 40 км/сағ шегіне сәйкестендіріліп қойылған. Осының салдарынан 172 жүргізуші негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде барлық заңсыз айыппұлдардың күші жойылып, жүргізушілердің құқықтары қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылған.

 

Соңғы жаңалықтар