$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кетті

Абдрахманов Мағжан
22 маусым 2026, 14:50
Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кетті Сурет авторы: REUTERS / Isabel Infantes

Дүйсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер өзі басқаратын Лейбористер партиясының танымалдылығы рекордтық деңгейге дейін төмендеуі аясында қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі хабарлады.

Парламентте 2029 жылға дейін көпшілік орынға ие Лейбористер партиясынан үкімет басшылығына басты үміткер ретінде Қауымдар палатасының 56 жастағы депутаты, Үлкен Манчестердің бұрынғы мэрі Энди Бернем аталып отыр. Сауалнама мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта ол елдегі ең танымал саясаткер саналады. Бернем мэр қызметінде жүргенде автобустарды мемлекет меншігіне қайтарып, тегін жолақы жүйесін енгізген және COVID-19 пандемиясы кезіндегі локдаундар үшін консерваторлар үкіметін ашық сынап, халық қолдауына ие болған.

Кир Стармер 2024 жылдың шілдесінде Лейбористер партиясының жеңісінен кейін премьер-министр атанған еді. Алайда елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы және ультраоңшыл «Reform UK» партиясының ықпалының артуы Стармердің рейтингін түсіріп жіберді. Оңшылдар 7 мамырда өткен жергілікті сайлауда билеуші партияны жеңгеннен кейін, бірнеше лейборист жаңа көшбасшы мен үкімет басшысын сайлау процесін бастауды талап еткен болатын.

Стармердің қызметтен кетуі Ұлыбританияның соңғы он жылдан астам уақыт ішіндегі жетінші үкімет басшысын қабылдайтынын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар