$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Астана маңында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
22 маусым 2026, 10:35
Астана маңында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты Сурет авторы: Instagram/716.kz

21 маусымда Астана–Қорғалжың тас жолында үш жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, соқтығысқан көліктердің екеуі өртеніп кеткен. Апат салдарынан тағы бес адам түрлі дәрежедегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандары жұмылдырылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Полиция көп адамның өмірін қиған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу бастағанын мәлімдеді. Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар