$ 487.73 € 558.99 ₽ 6.63

Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды – Тоқаев

Редакция
18 маусым 2026, 15:32
Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты төрт есеге қысқарды – Тоқаев Сурет авторы: I-med.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудың алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, заманауи шешімдер медициналық қызметтің тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда еліміз бойынша 1800-ден астам медициналық мекеменің цифрлық форматқа көшкенін атап өтті. Бұл өзгерістердің нәтижесінде диагностикалау уақыты төрт есеге қысқарып, қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау көрсеткіші 30 пайызға артқан.

Сондай-ақ, Президент ақпараттық жүйелерді интеграциялау дәрігерлерге түсетін әкімшілік жүктемені 40 пайызға дейін төмендеткенін мәлімдеді. Жасанды интеллект мамандарға күрделі клиникалық шешімдер қабылдауда оңтайлы көмек көрсетуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласын технологиялық жаңғырту бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да мақсатты түрде жалғасатынын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар