$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Каспий теңізінде мұнай төгілді

Абдрахманов Мағжан
22 маусым 2026, 11:14
Каспий теңізінде мұнай төгілді Сурет авторы: picture-alliance/ Vostock-photo

Каспий теңізінде мұнай төгілуі тіркелді. Бұл туралы 1news.az басылымы хабарлады. Ластану іздері 19 маусым күні Әзербайжандағы Дюбенди жағажайы маңынан анықталған.

Алдын ала тексеру барысында мұнай дағы кемелер мен тікұшақтың көмегімен байқалған. Мамандардың мәліметінше, ластану көзі «Азнефть» өндірістік бірлестігіне тиесілі суасты мұнай құбыры болған.

Сүңгуірлер құбырды тексеру кезінде механикалық зақымданғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, оған кеме зәкірі тиіп кеткен. Осыған байланысты аталған құбыр арқылы мұнай тасымалдау тоқтатылды. Оқиғаның салдарын жою үшін Әзербайжанда жедел штаб құрылып, жөндеу жұмыстары басталды.

Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында азаматтық қорғаныс күштері мен Каспий бассейндік авариялық-құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Ал Дюбенди кентінің тұрғындары әлеуметтік желілерде жағалаудағы жағдайды бейнелейтін видеолар жариялап жатыр.

Соңғы жаңалықтар