$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Түркістан облысында 200-ші ерікті өрт сөндіру құрамасы ашылды

Редакция
22 маусым 2026, 10:51
Түркістан облысында 200-ші ерікті өрт сөндіру құрамасы ашылды Сурет авторы: пресс-служба МЧС РК

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 200-ші ерікті өрт сөндіру құрамасы өз жұмысын бастады. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Жаңадан ашылған өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен тұрғызылды. Бөлімше тәулік бойы кезекшілік атқарады. Өз кезегінде, Төтенше жағдайлар министрлігі бекетті қажетті өрт-техникалық жабдықтармен, арнайы автоцистернамен, байланыс құралдарымен және құтқарушыларға арналған жауынгерлік киімдермен толықтай қамтамасыз етті.

Жаңа құрама бес елді мекенді – Қарнақ, Шаштобе, Шекербұлақ, Жүйнек және Шыпан ауылдарын қамтиды. Еріктілердің үздіксіз жұмысы аталған ауылдық округте тұратын 21 мыңнан астам тұрғынның өрт қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба еліміздің шалғайдағы ауылдарында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел ден қою жүйесін жетілдірудегі маңызды қадам болып табылады.

Соңғы жаңалықтар