$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тасқын оңтүстік өңірлерге де келді

Редакция
17 сәуір 2024, 09:51
Тасқын оңтүстік өңірлерге де келді Сурет авторы: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

Оның айтуынша, оңтүстік өңірлерде жауын-шашынның мол түсуінен тасқын тіркелген.

"Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында 47 аула аумағы су астында қалды. Құмқап төсеп, арық тазарту, су бұру жұмыстары жүргізілді", – деді ТЖМ өкілі.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тасқын кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз кетпеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар