$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Танымал боксшы Астана спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2789
Танымал боксшы Астана спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды

29 ақпанда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Василий Левит осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. Боксшы бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді.

Соңғы жаңалықтар