$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Суға кеткен мал үшін қанша төлейді?

Редакция
30 сәуір 2024 03:18 4707
Суға кеткен мал үшін қанша төлейді? Сурет авторы: ТЖМ

Еліміздің кейбір өңірінде суға кеткен мал иелеріне өтемақы төлене бастады.

Қостанай облысында 780 бас мал үшін 113 миллион теңгеден астам өтемақы төленді. Өлген малдың құнын бағалаушы ұйым нарықтық бағамен бағалайды. 

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлемдер Қостанай облысындағымен бірдей. Ал Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны жалғасып жатқанына байланысты өтемақы мөлшері әлі анықталған жоқ. 

Суға кеткен малға төленетін өтемақы мөлшері мынадай:

  • Жылқы – 500-512 мың теңге;

  • Құлын – 150-239 мың теңге;

  • Сиыр – 390-430 мың теңге;

  • Бұзау – 120-200 мың теңге;

  • Қой – 56 мың теңге;

  • Қозы – 30 мың теңгеге дейін;

  • Ешкі – 88 мың теңге;

  • Лақ – 30 мың теңгеге дейін.

Төлемдер Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар