$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқынынан зардап шеккендерге 3 млрдқа жуық теңгеге мемлекеттік көмек көрсетілді

Редакция
19 сәуір 2024 02:26 3658
Су тасқынынан зардап шеккендерге 3 млрдқа жуық теңгеге мемлекеттік көмек көрсетілді Сурет авторы: Үкімет

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмысы жалғасып жатыр. 

Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Келтірілген материалдық шығын үшін өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті. Бұл қолдау шарасы 1377 отбасын қамтыды.

Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгі таңда 16 343 өтініш қабылданған.

Соңғы жаңалықтар