$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқынынан зардап шеккендер тағы жарты миллион теңгеге дейін көмек алады

Редакция
23 сәуір 2024 03:59 1568
Су тасқынынан зардап шеккендер тағы жарты миллион теңгеге дейін көмек алады Сурет авторы: ТЖМ

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

"Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым", – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алған. Ол бұл үлкен жұмыстың басы ғана екенін айтып, оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін (553 800 теңге) төленетінін мәлім етті.

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. 

Сондай-ақ Премьер-министр кәсіпкерлердің шығыны өтелетінін айтып өтті.

"Ешкім де көмексіз қалмайды Бұл мәселелердің барлығы Президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан абыроймен өтеміз деп білемін", – деді Бектенов.

Соңғы жаңалықтар