$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жаңа үйлердің құрылысы басталды

Редакция
02 мамыр 2024 11:52 1911
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жаңа үйлердің құрылысы басталды

Қазақстанның 5 өңірінде су тасқынынан жарамсыз болып қалған 398 үйдің орнына жаңа баспананың құрылысы басталды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

«Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің хабарлауынша, 5 өңірде — Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, СҚО-да 34 мердігер компания 398 үй салуға кірісті. Сонымен қатар, Қостанай облысында әкімдік 31 пәтер сатып алып, зардап шеккен отбасыларға берді», — деді Меруерт Ибраева бейсенбі күнгі брифингте.

Үй құрылысы басталған өңірлер:

— Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үй;
— Батыс Қазақстан облысында 12 мердігер компания Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында 203 үй;
— Қарағанды облысында — 1 үй;
— Павлодар облысында — 5 үй;
— Солтүстік Қазақстан облысында 10 мердігер компания 100 үйдің құрылысын бастады.

 

Соңғы жаңалықтар