$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Су тасқыны: 38 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

Редакция
29 сәуір 2024 01:39 3199
Су тасқыны: 38 мыңнан астам адам үйлеріне оралды Сурет авторы: ТЖМ

Су тасқынынан зардап шеккен 6727 адам эвакуациялау пунктерінде қалып отыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 38 мыңнан астам адам үйлеріне қайтқан.

Сондай-ақ бұрын Солтүстік Қазақстан облысына апат салдарын жоюға жіберілген құтқарушылардың бір бөлігі тұрақты орналасатын орындарына оралып жатыр. Құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 20 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Бұл ретте мамандардың айтуынша, 3500-ден астам үй су астында қалған Солтүстік Қазақстанда жағдай біртіндеп тұрақтана бастады. Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі өтті.

 

 

Соңғы жаңалықтар